Желіде Димаш туралы жалған ақпарат тарады

22 Сәуір 2022, 22:00
1978
Бөлісу:
Желіде Димаш туралы жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде әнші Димаш Құдайбергеннің қазақстандықтарды «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясына кіруге шақырғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл фейк, деп хабарлады stopfake.kz.

Желіде Димаш туралы жалған ақпарат тарады

Бұл жаңалықтың дереккөзі – qazinform24 сатиралық Instagram-аккаунты.

Бұл парақшада шынайы және сенімді ақпараттар жарияланбайды, бұл туралы оның профилінде жазылған. Аккаунтта тек ойдан шығарылған «жаңалықтар» ғана шығарылады.

Демек, әншінің оппозициялық партияларға қосылуға шақырғаны туралы ақпаратқа сенудің қажеті жоқ. Бұл өтірік.

Өзгелердің жаңалығы