Қостанайдағы №23 және №25 мектептері 90-жылдары пайдалануға берілгенімен, содан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Қабырғасы қақырап, терезесі шіріген бұл екі білім ошағының жағдайы адам шошырлық күйде. Қостанай облысындағы билік неліктен білім беру мекемелерінің жөндеу жұмысына соншалықты салғырт? BAQ.KZ тілшісінің материалынан оқыңыз.
Үш жыл тұрған жоба – желге ұшқан миллиондар
Үш жыл бұрын дайын болған жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) уақытылы іске аспай, бүгінде мерзімі өтіп кеткен.
Биыл Қостанай облысында 10 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 8 мектеп пен 2 балабақша бар. Бұл мақсатқа бюджеттен 4 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Алайда қаладағы ең ескі екі мектеп сол тізімге енбеген. Жөндеу жұмыстары қажет екі нысанның да жобалық-сметалық құжаттамасының жатқанына үш жылдың жүзі өтті.
Қаланың жаңа шағын ауданындағы басқа мектепте де жөндеу жұмыстары аяқталмай тұр. Өйткені 1,2 млрд теңге ұшты-күйлі жоқ болған. Жөндеу кезінде шатыры мен қабырғасы опырылып түскен өңірдегі атышулы екі белгілі мектеп қашан есігін оқушыларға айқара ашатыны беймәлім.
№23 мектептің бассейні – қаладағы санаулы нысандардың бірі болатын. Алайда пандемия кезінде жабылып, содан бері апатты жағдайға байланысты ашылмаған. 2020 жылы екі мектепке де техникалық сараптама жасалып, инженерлік желілер, жылу, су және электр жүйелерінің түгел жаңартылуы қажеттігі анықталған.

Маяковский, 131 көшесінде орналасқан Қозыбаев атындағы №23 мектепке жүргізілген тексеріс қорытындысына сәйкес, білім ошағындағы жылыту, электрмен жабдықтау, сондай-ақ кәріз бен сумен жабдықтау жүйелерін толықтай алмастыру қажет. Бассейнді тексеру барысында ондағы керамикалық плиткалардың бүлінуі анықталған. Оның үстіне, терезе, есік жақтаулары мен сыртқы қабырғалар да жөндеуді талап етеді. Мектеп ғимаратын қосымша қаптап, қабырғаларды берік ету үшін кей қабырғаларды бойлай кірпіш қалау қажеттілігі де ұсынылған. Жауын-шашын қалдықтарын бұратын құрылғы орнату керектігі де айтылған. Себебі қар мен жаңбыр ғимараттың қабырғасы мен шатырын бүлдіретіні анық.
Қаланың «Узкая колея» деп аталатын ауданында орналасқан №25 мектеп те №23 мектептің халін кешіп отыр. Ол да 1989 жылы ашылған және 36 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Ғимаратқа жүргізілген тексеру қорытындысына сәйкес, электр желілері 80%-ға, кәріз жүйесі 50%-ға тозған. Инженерлік тораптың бәрін толықтай ауыстыру керек.
Еске салайық, екі мектеп те техникалық тексерістен 5 жыл бұрын өткен. Қазір ғимарат бұрынғыдан бетер тозған, себебі жергілікті биліктің мектепті күрделі жөндеуге қаржы бөлуге сол беті қолы жетпеген.
Бірақ Қозыбаев атындағы №23 мектептің құжатының мерзімі 2023 жылы аяқталды. №25 мектептікі осы жылдың соңына дейін жарамды. Яғни оны іске асырудың соңғы мүмкіндігі – желтоқсан. Иә, №23 мектептің ЖСҚ-сы ескіріп кетті. Енді не жаңа ЖСҚ әзірлеуіміз керек, не бұрынғысын түзетеміз. Бірақ бұл тағы қосымша шығын, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Аида Хусаинова.
Алайда білім басқармасы басшысының орынбасары ЖСҚ күшінде тұрған кезде мектепті жөндеуге қаражат неліктен бөлінгенін білмейтін болып шықты. Бірақ 2025 пен 2027 жылдар аралығында өңірде 30 мектеп жөндеуден өткізілетінін айтты. Олардың ішінде, 8 білім ордасы биыл және 2026, 2027 жылдары 22 мектеп күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отырғанын алға тартты.

«Бөліп-бөліп жөндейміз»
Билік енді №23 мектептің ЖСҚ-сын толық мектепке емес, тек бассейнге жасауды жоспарлап отыр. Өйткені алдыңғы құжат бойынша жөндеу құны – 1,5 млрд теңге болса, жаңа сметада бұл сома 2–2,5 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Себебі құрылыс материалдарының бағасы өсіп кеткен.
Сондықтан біз әзірге тек бассейнге ЖСҚ дайындауға шешім қабылдадық. Оның өзі шамамен 500 миллион теңге болады, – дейді бөлім басшысы Айнұр Оспанова.
Ал мектептің қалған бөлігіне жөндеу жұмыстары жыл сайынғы «ағымдағы жөндеулер» жасалмақ. Биыл шатыры, келесі жылы терезесі, тағы бір жылы кіреберісі жаңартылуы мүмкін. Алайда мұндай әдіс жыл сайын материалдардың қымбаттауы жағдайында тиімсіз шешім екені анық. Ақыры, бір мезетте жасалуы тиіс күрделі жөндеу бірнеше жылға созылып, әлдеқайда қымбатқа түсуі ғажап емес.
Біртүрлі шешім. Бірақ шенеуніктердің өздері айтқандай, құрылыс материалдарының жылдан-жылға қымбаттауы мен мектеп ғимаратының адам шошырлық халін ескерсек, мұндай тәсіл кері әсерін тигізбей ме? Яғни жыл сайын жеке-жеке (терезе, жақтау, коммуникация) тетіктерді жөндеу тиімсіз. Оның үстіне, материалдар бағасының жыл сайын қымбаттауы 5-7 жыл ішінде ағымдағы жөндеу аяқталғанша өсіп, күрделі жөндеуге бөлінетін қомақты қаражаттан да асып түспесіне кім кепіл? Бірақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану өңір билігінің қаперінде де жоқ сияқты. Оның үстіне, үш жыл бойы күрделі жөндеуді бастай алмай, қараптан-қарап 15 млн теңгені жоғалтқан.

Ескі ЖСҚ бойынша жөндеу жүргізуге болатын №25 мектепке қатысты айтар болсақ, білім басқармасы әлі де «соңғы вагоннан» үмітті секілді.
Бізге ақша бөлініп, ЖСҚ мерзімі өтпес үшін биылдан қалмай бұл мектепке күрделі жөндеуді бастаймыз деп үміттенемін. №25 мектепте күрделі жөндеу жұмыстарының оқу жылының басталуымен тұспа-тұс келуіне қатысты айтар болсақ, бұл мектепте оқушы саны көп емес. 200-дей оқушы бар, оларды Киевский кентіндегі көрші мектепке ауыстыруды жоспарлап отырмыз, - деп нақтылады облыстың білім беру басқармасы өмірмен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.
Айтуынша, бұл мектептің күрделі жөндеуіне 400 млн теңгеден артық қаражат керек. Себебі ол негізгі және ол жерде оқитын бала саны аз. №23 мектептің жағдайына қатысты шенеуніктер үш жыл бойы бөлінуі тиіс қаражатты көпсініп келсе, бұл жағдайда аз ақшаны беруге не кедергі болды? Облыстық бюджеттің өлшемімен алғанда қаражат айтарлықтай көп те емес. Білім басқармасы жыл сайын бұл мектепті жөндеуге бюджеттік өтінімнің берілгенін, бірақ бюджеттік комиссия өзге жобаларға басымдық бергендіктен, бас тартылғандығымен түсіндірді.
Мектепке жөндеу жұмыстарының уақытында басталмауы өз алдына, №25 мектептің ЖСҚ-на бөлінген 15 млн теңгенің құрдымға кеткені бір бөлек әңгіме. Оқушылар өздері үйренген ауданнан бөлек басқа жерде орналасқан оқу мекемесіне баруға мәжбүр болады.

Ұрланған миллиардтар, қираған қабырғалар
Қостанайдың жаңа шағын ауданы – Берекеде орналасқан жаңа мектеп үш жылдан бері аяқталмай келеді. Себебі бұл жерде тек құрылыс емес, жемқорлық дауы да қатар жүр. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, мектеп құрылысына бөлінген 2,99 млрд теңгенің 1,2 миллиарды ұрланған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жаңа мердігер жұмысты жалғастырып жатыр. Мектепті биыл қазан айында тапсырамыз деп уәде берген. Бірақ оқушылар тағы бір оқу жылын өз мектебінде емес, басқа мектепте өткізуге мәжбүр.
Қостанай облысының құқық қорғау орталығының ақпараты бойынша тапсырыс беруші мен мердігер Береке шағын ауданында 1,88 млрд теңгеге 980 орындық мектеп салуға шарт жасасқан. Содан кейін бұл сома 2,99 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Ақыр соңында жұмыс көлемі 649 млн теңгеге ғана орындалды, алайда құрылыс басқармасы мердігерге 1,88 млрд теңгеден астам ақша төлеген. Аудит 1,23 млрд теңгеден астам сомаға асып кеткенін анықтады. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілері жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр, басқа ақпарат жария етілмейді.
Берекедегі мектепті 2023 жылдың соңында тапсыру керек еді, бірақ сыбайлас жемқорлық жанжалына байланысты құрылыс әлі де жалғасуда. Мектеп мердігері болып қарағандылық "Лидерден" алматылық "СМТ және Компанияға" ауысты. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, тапсыру мерзімі – осы жылдың қазан айы, - деп мәлімдеді құрылыс басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің маманы Азамат Әбілов.
Ал Қонай ықшам ауданындағы мектептің құрылысы кезінде спортзалдың қабырғасы мен шатыры құлап түскен. Мердігер "Гренада ПКФ" компаниясы бұл үшін авторлық жобаны кінәлап, жауапкершіліктен жалтарған. Сот та солардың жағына шықты. Бірақ мәселе шешілген жоқ: мектеп әлі бітпеген.
Ол Әулиекөл ауданында орналасқан Новонежен жалпы білім беретін мектептегі дау-дамайдың немен аяқталғанын айтты. Былтыр қыркүйектің басында ғимараттың күрделі жөндеуі аяқталған соң үшінші қабаттағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен. Бақытқа орай, мектепте оқушылар да, мұғалімдер де болмай, ешкім зардап шекпеген. Аудандық блім беру нысанындағы құрылысты сол "ПКФ Гренада" ЖШС жүргізгені белгілі болды. Олар әдеттегідей ақауларға қатысы жоқтарын айтып, ат-тондарын ала қашқан.

Басымдық балалар ма, әлде?..
Қостанай облысының басшылығына бюджет қаражатын бөлу кезіндегі басымдықтарға қатысты қояр сұрақ бар. Неліктен ЖСҚ мерзімі аяқталатын мектептерге бюджет ешқашан қаражат бермеді? Әсіресе күрделі жөндеу сомасы жарты миллиард теңгеден аспаған № 25 мектеп үшін неге бөлінбеді? Салыстыру үшін айтсақ: биыл Қостанай әкімдігі жаяу жүргіншілер жолындағы төсеніштерді екі жыл қатарынан ауыстыруға және гранитті жиектерді орнатуға қаражат бөлді.
Қала билігінің шешімін жергілікті тұрғындар қатты сынға алды, өйткені олар қалада тағы бірнеше жылға созылатын жақсы төсеніштерді алып тастайды деп санайды, ал гранит шекаралары салық төлеушілердің қаражатын мүлдем ысырап етеді. Алайда гранитті абаттандыру бюджеттен 500 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған тұрғындардың наразылығына қарамастан жалғасуда. Бұл қаражатты № 25 мектепті жөндеуге бағыттаған дұрыс емес пе? Осы мәселелермен Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жүгіндік.

Біздің басқарма бюджеттік өтінімдерді жинайды және олардың заңға сәйкестігін тексереді. Бұдан әрі барлық өтінімдер бюджеттік комиссияда жарияланады, содан кейін депутаттар қандай жобаларға артықшылық беру керектігі туралы дауыс береді. Неліктен үш жыл ішінде дайын ЖСҚ бар екі мектепті жөндеу бойынша алқалы шешім қабылдамағанын білмеймін, - деп жауап берді өңірдің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Жанна Шаймарданова.
Ол 2022 жылдан бастап барлық білім беру нысандары білім басқармасының ведомстволық бағыныштылығына ауыстырылғанын, бұған дейін олар үшін қалалық және аудандық әкімдіктер жауапты болғанын айтты. Бұл туралы бізге білім басқармасының өзінде де хабарланды. Аудандық және қалалық әкімдіктер мектептерді жөндеу жұмыстарына бірде-бір рет қаражат бөлмеген.
Үш жыл ішінде көптеген ескірген ғимараттарды қалпына келтіру өте қиын. Яғни 2021 жылға дейін нақты №23 және №25 мектептер Қостанай әкімдігінің ведомстволық бағыныштылығында болды, ол оларды күрделі жөндеуге қаражат бөлуі әбден мүмкін еді. Естеріңізге сала кетейік, екі мектептің де зерттеулері 2020 жылы өтті, содан кейін белгілі болды: олар инженерлік желілерді, қасбетті және шатырды дереу ауыстыруды талап етеді.
Болмаса, 2021 жылы Қонайда салынып жатқан мектеп жылуға қосылып, құлап қалмас үшін жылу трассасын жедел жүргізуге қаражат қосуға болады. Бірақ қала басшылығының басқа да басымдықтары болды, ал қазір ондаған жылдар бойы жөндеу көрмеген мектептер білім басқармасының «мойнында». Кез келген жағдайда басқарма облыс әкімдігіне ведомстволық бағынышты екені белгілі. Бұл аймақ билігі қаражатты бөлудегі басымдықтарға әсер етуі мүмкін дегенді білдіреді. Бірақ шамасы, өңір билігі қаражатты тиімді бөле алмайды дегенге саяды.
