Железнодорожный елді мекенінде алғашқы тұтынушы газға қосылды – Нұр-Сұлтан

12 Қараша 2020, 07:50
1103
Бөлісу:
Железнодорожный елді мекенінде алғашқы тұтынушы газға қосылды – Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Железнодорожный елді мекенінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.  

11 қарашада алғашқы тұтынушы газға қосылды. Тұтынушыларды кезең-кезеңмен қосу шаралары басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін жүргізген тұрғындар газ қосу үшін Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО мекенжайындағы «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Сондай-ақ, Промышленный, Көктал-2, Агроқалашық елді мекендерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Қосылу осы жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған.

Жыл соңына дейін Көктал-1 елді мекені тұрғындары газға қосыла алады.

Айта кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылатын болады. Газдандыру экологияны жақсартуға және тұрғындар денсаулығына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.

Ал бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.


Өзгелердің жаңалығы