Жел ұшырып әкетті. Алакөлде үрмелі матраспен судың ортасына кетіп қалған адам құтқарылды

20 Шілде 2022, 10:53
1417
Бөлісу:
Жел ұшырып әкетті. Алакөлде үрмелі матраспен судың ортасына кетіп қалған адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысындағы  Ақши ауылының Жедел-құтқару жасағының күшімен жағаға 1993 жылы туған ер адам жеткізілді.

2022 жылдың 19 шілде күні сағат 19-30-да Алакөл көлінде, Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округінің "Заячья губа" учаскесінде Ақши ауылының Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен жағаға 1993 жылы туған ер адам жеткізілді. Сағат 17:25-те желдің күшеюіне байланысты оны үрлемелі матраспен қатты ағын жағадан екі шақырым қашықтыққа алып кеткен. 

Шомылу маусымы басталысымен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су айдындарында қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. 

Құтқарушылар күн сайын су айдындарының жағалауына патрульдеу жұмыстары жүргізілуде, демалушылармен суда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтар мен әңгімелер жүргізіледі, қайықтар мен катерлерде ірі су айдындарының жағалау аумақтарына су патрульдері жүзеге асырылады. Демалыс және мереке күндері бұл жұмыстар екі есе күшейтіледі. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, күн сайын облыстың су айдындарында төтенше жағдайлар орын алады, адамдар өз күштерін есептемей және тереңдікке жүзе отырып, батуды бастайды немесе жақындап келе жатқан дауыл немесе желдің күшеюі туралы дауыл ескертулеріне қарамастан, суға үрлемелі матрацтармен, шеңберлермен және басқа да жүзу құралдарымен шомылуға аттанады.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады:
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған орындарда шомылыңыз;
- қатты толқындар мен дауылды ауа-райында шомылмаңыз;
- жүзе алмай, жүзу үшін арналға шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
- жүзе алмайсаңыз суға белден жоғары түспеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-біріңізді көз алдыдан жоғалтпаңыз;
- жағалаудан жақын жерде орналасқан қалқалар мен қоршау белгілерінен алысқа жүзбеңіз;
- қайықтарға жақын жүзбеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- ұзақ уақыт шомылмаңыз, гипотермия және дене шаршауы мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, біз өзіміздің және баға жетпес балаларымыздың өмірін сақтаймыз.

Өзгелердің жаңалығы