Жел, бұршақ, жаңбыр: Бүгін күн райы қандай болады

9 Сәуір 2024, 10:32
393
Бөлісу:
Жел, бұршақ, жаңбыр: Бүгін күн райы қандай болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ОКҚ-да “Қазгидромет” РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова 9 сәуірде күн райы қандай болатынын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жауын-шашын болжанып отыр. Кей уақыттарда қатты жауын-шашын, облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып найзағай күтіледі. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп айтты Исмағұлова брифингте.

ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл, бұршақ күтіледі.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде (жаңбырдың арты қарға ұласады). Түнде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде 1-3, күндіз 7-9 градус жылы.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 3-8, найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 9-11, күндіз 15-17 градус жылы.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 градус жылы.

Өзгелердің жаңалығы