Жексенбіде бірқатар өңірде жел күшейеді

Бүгiн, 08:10
240
Бөлісу:
Жексенбіде бірқатар өңірде жел күшейеді
Фото: BAQ.KZ - архив

Синоптиктер жексенбі, 2 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты елдің бірқатар өңірінде түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтілуде.

Тек республиканың оңтүстігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 16 өңірінде ауа райы байланысты ескерту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы