Жексенбіде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

4 Ақпан 2024, 08:05
669
Бөлісу:
Жексенбіде бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

4 ақпанда бірқатар өңір мен Астанада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысын тұман басады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Атырау облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Атырауда жел 15-18 м/с күшейеді.

Түнде Ұлытау облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысында қарлы боран соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жолдарда көктайғақ болады. Желдің екпіні 23 м/с жетеді. Көкшетауда қарлы боран соғады. Күндіз жолдарда көктайғақ болады деп болжанды. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында және орталығында көктайғақ, бұрқасын соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз қарлы боран соғады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында, күндіз солтүстігінде бұрқасын болуы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда күндіз қар жауып, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде көктайғақ, тұман болады.

Өзгелердің жаңалығы