Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

26 Мамыр 2019, 09:04
2053
Бөлісу:
Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жаңбыр жауады, шығыста қатты жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. 

Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде кей жерде найзағай соғуы мүмкін, басым бөлігінде жел 15-20, түнде кей жерінде 23-28 м/с күшейеді. 

Жамбыл, күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанда облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. 

Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай облысының кей жерінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстанның кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде найзағай күтіледі, түнде жекелеген ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.   

Жамбыл, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы