Жексенбі күні елордада автобустар жүрмейді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 18 қазан - жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Ал 17 қазан, сенбіде кешкі 23.00 дейін жүреді.</h4>

 15 Қазан 2020 2020, 09:29
15 Қазан 2020 2020, 09:29
2038

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 18 қазан - жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды. Ал 17 қазан, сенбіде кешкі 23.00 дейін жүреді.

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады. 

Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты, жексенбі күні, 18 қазанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Дүйсенбі күннен бастап, 19 қазанда автобустар қайтадан қалыпты режимде қатынайды.

Наверх