Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жексенбі күні Астана, Алматы және бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 21:51
181
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" 2025 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ бірнеше облыс орталықтары мен өңірлерде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күннің соңында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістанда түнде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Петропавлда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Атырауда қар, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 14 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Көкшетауда күндіз көктайғақ күтіледі.

Жезқазғанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 14 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Ақтөбеде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 14 желтоқсанда түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Оралда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с. Семейде түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында көктайғақ күтіледі. Қостанайда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 25 м/с. Қызылордада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы