Жексенбі, 27 наурызға арналған ауа райы болжамы

27 Наурыз 2022, 06:33
1663
Бөлісу:
Жексенбі, 27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон және соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Сондықтан республиканың барлық облысында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың Солтүстік, шығыс аудандарда көбіне қар жауады. Оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады, облыстың оңтүстігімен шығысында жел - 15-20, екпіні - 25 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел - 15-20, таулы асуларда жел қарқыны 25 м/с жетеді.

Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз көктайғақ. Желдің күші - 15-20 м/с. Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, түнде облыстың шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман болады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын,солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігі мен батысында жел қарқыны - 15-20 м/с.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстігі мен орталығында жел - 15-20, екпіні - 23 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы