Жекеменшік емханаларда жолдамасыз-ақ балалардың тісін емдету тегін

22 Сәуір 2022, 17:13
1373
Бөлісу:
Жекеменшік емханаларда жолдамасыз-ақ балалардың тісін емдету тегін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Ләззат Шоманова мәлімдеді. 

Оның айтуынша, медициналық сақтандыруы бар азаматтар үшін тегін ортондонтиялық көмек қарастырылған. 

Сонымен қатар балалар жекеменшік емханалардан да Қосалқы мердігерлік арқылы ем қабылдауға болады. Жекеменшік емханаға жүгіну үшін сол жерден көмек алу үшін учаскелік дәрігердің жолдамасының да қажеті жоқ. Осылайша, жекеменшік стоматологиялық орталықтардан тегін ем алуға болады. Ең бастысы стоматологиялық емхана осы қордың мемлекеттік тапсырыс берушісінің тізімінде тұрса, жолдамасыз тісін емдетіп, ақпараттық жүйеге жолдама автоматты түрде қалыптасып, төлемге түседі, - деп атап өтті Ләззат Шоманова.

Сондай-ақ ол тізімді қайдан анықтауға болатынына тоқталып өтті. 

Мұндай тізімді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтынан көруге болады. Сол арқылы өзі қалаған, өзіне жақын емхананы таңдауға мүмкіндік бар, - деді департамент директоры. 

Өзгелердің жаңалығы