Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есепшілердің арыздануына орай Мемлекеттік кірістер комитетінен хабарлағандай, осы уақытқа дейін МЗЖ және МӘМС жеке табыс салығы салынатын кірістерден алынып тасталмайды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Сондықтан, жеке тұлғалардың 11%-ға жуық табысы да (10% МЗЖ и 1% МӘМС) жеке табыс салығымен (ЖТС) салықтандырылатын. Яғни, 100,0 мың теңге табыс тапқан жағдайда ЖТС 10,0 мың теңге құрады, негізі ол 8,9 мың теңге болуы керек ((100,0 – 10,0 – 1,0) *10%). Сол себептен Салық кодексіне өзгерістер енгізілген, - делінген хабарламада.
Бұл ретте, МЗЖ және МӘМС-ке салынған жеке табыс салығын қайтару салықтық өтініш бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі таңда біздің еліміздегі қандай да бір қоғамдық бірлестіктер, қауымдастықтар жеке тұлғалардың мүдделерін білдірмейді деген тәжірибе қалыптасқан. Сонымен қатар, салық төлеушілер-заңды тұлғалардың едәуір бөлігі өз қызметкерлерін азаматтық-құқықтық шарттарға ауыстырды, бұл әлеуметтік сенімсіздік пен болашаққа деген сенімсіздіктен басқа, салық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында схемаларды теріс пайдалануды тудырады, атап айтқанда, осындай қызметкерлерден еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік салық төлеу бойынша (9,5%), - деп жазды Кірістер комитеті.
Бизнес субъектілерінің өтініштері бойынша, 2018 және 2020 ж.ж. бастап осы түзетулерді қолдану қажеттілігіне қарамастан, бухгалтерлер үшін (қажетті түзетулер мен өзгерістерге байланысты) қосымша еңбек шығындарын тудыратын ахуал қалыптасып отыр. Осыған байланысты 2018-2020 жж. кезеңде жүргізілген МЗЖ және МӘМС бойынша шегерімдерді қолданып, 2020 жылғы 10 желтоқсаннан басталған артық төленген жеке табыс салығын қайтаруға берген өтініштер қабылдануы үшін өтпелі ережелерді қарастырып, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмысы шеңберінде жоғарыда көрсетілген ережелердің қолданысқа ену мерзімін өзгерту туралы мәселе қаралуы мүмкін.