Жеке ұшақпен Германияға барып келген сот төрағасына қатысты тергеу басталды

27 Наурыз 2020, 11:19
2285
Бөлісу:
Жеке ұшақпен Германияға барып келген сот төрағасына қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық сот төрағасы Тілектес Барпибаевтың жеке ұшақ жалдағанына байланысты тергеу жүріп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласы сот төрағасы Тілектес Барпибаевқа қатысты жайтты тексеруді бастады. 

Тексеру барысында жеке ұшақты бизнесменнің жалдағаны анықталды. Аталған бизнесмен Барпибаевтың (құдасы) туысы болып отыр. Ұшақ Германияда медициналық операция жасау үшін жалданған. Бұл тұрғыда Жоғарғы сот комиссиясы Барпибаевтың судья этикасы талаптарын сақтауын тексеруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 13 наурызда Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген расталған болатын. 

Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттарымыздың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды, - деген болатын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Кейіннен бейресми ақпарат көздерінде бұл азамат Нұр-Сұлтан қалалық сот төрағасы Тілектес Барпибаев екені жазылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы