Жедел жәрдемге жәрдем керек болды

9 Наурыз 2023, 09:04
1450
Бөлісу:
Жедел жәрдемге жәрдем керек болды
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда  сегізінші наурыз мерекесі қарсаңында ажал аузында жатқан науқасты құтқармақ болған жедел жәрдем қарысы бағытағы жолдың жиегіне шығып кетіп, оны ұландық сарбаздар құтқарып қалды деп хабарлайды  BAQ.KZ  сол өңірдегі  тілшісі.

Нақтырақ айтсақ оқиға жетінші  наурыз күні  кешкі сағат 20.00 шамаларында  Қарағанлы-Қостанай тас жолы бойында арнайы жаттығу алаңынан  келе жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлері тосын жағдайға тап болады. Анығына тоқталсақ қарысы бағыттағы  жол жиегіне шығып кеткен жедел - жәрдем көлігін байқайды.

Жедел жәрдемге жәрдем керек болды

Бейнежазбада байқайтын болсақ көлік жолдың тайғағынан оң жақ бөлікке сырғанап түсіп, қалың қарда тұрып қалғаны көрініп тұр.

Біздің әскерлер кезекті тапсырмадан келе жатқан еді. Кенет жолдан шығып қарға батып кеткен жедел-жәрдем көлігін байқап, ойланбастан көмектесуге кірісті.Осылайша  дер кезінде келген көмектің арқасында дәрігерлер мүнген көлік қар қырсауынан құтқарылды.  Қажетті көмек керек болған науқасқада уақытына барып көмектерін көрсетті»,- дейді Қостанайдағы әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Тохтаров.

Осылайша сарбаздардың арқасында жедел-жәрдем көлігі жол өз сапарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы