Жедел жәрдемді бұрынғыдай көп шақырмайтын болды – дәрігер

3 Қаңтар 2022, 12:16
1069
Бөлісу:
Жедел жәрдемді бұрынғыдай көп шақырмайтын болды – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Жаңа жыл түні барлығы тойлап жатқанда дәрігерлер кезекшілікке шығып, жұмыс істеді. Оларда мейрам күндері демалыс деген болмайды.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жаңа жыл түні 90 адам түскен, оның 12-сі ауруханаға жатқызылған. Адамдар ауруханаға негізінен ауруының асқынуымен жүгінген, тек 18 адам жарақат бойынша хабарласқан. Жол-көлік оқиғасы мен фейерверктен жарақат алғандар мүлдем түспеген.

Адамдар өз денсаулығына немқұрайлы қарамайтын болды, бұрын фейерверктен күйіп қалғандар көптеп түсетін, қазір ондай жағдаймен түсетіндер мүлдем жоқ. Жаңа жыл түні науқастар да аз келді, әдетте біз тәулігіне 160-190 –дай науқасты қабылдаймыз, ал 31 желтоқсанда 90-ға жуық адам келді, - дейді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Бауыржан Омаров.

Сонымен, кезекшілер жаңа жылды қарсы алуға үлгерді, бірақ пандемияға байланысты олардың көпшілігі қорғаныс киімімен кезекшілік етеді. Бөлім меңгерушісі жаңа жыл түнін ауруханада екі рет қарсы алғанын айтады. Осы жолғы жаңа жылда аурухананың қабылдау бөлімінде кезекшілікке 30 медицина қызметкері кезекшілікке шыққан.

Өзгелердің жаңалығы