Жедел жәрдем жете алмаған: Төтеншеліктер науқас тұрғынды құтқарып қалды

Кеше, 22:18
146
Бөлісу:
Жедел жәрдем жете алмаған: Төтеншеліктер науқас тұрғынды құтқарып қалды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ қызметкерлері науқасты тасымалдауға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

112 пультіне Қарағанды облысында, Балқаш қаласынан 7 шақырым қашықтықта, 1949 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен.

Жолдың болмауына байланысты жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмады. ТЖМ қызметкерлері "Байкал" қар-батпақ көлігінің көмегімен науқасты ұшу алаңында күтіп тұрған санитарлық авиация ұшағына жеткізді, - делінген хабарламада.

Әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы