"Жедел жәрдем шақыруды ұсындым". Бишімбаевтың сотында жаңа дерек айтылды

18 Сәуір 2024, 11:15
3000
Бөлісу:
"Жедел жәрдем шақыруды ұсындым". Бишімбаевтың сотында жаңа дерек айтылды
Фото: Жоғарғы сот

Бишімбаевқа қатысты сот процесінде дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаев жауап берді. Оған өткен жылдың 9 қарашасында түстен кейін Байжанов қоңырау шалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол кезде Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан.

Ол маған ұйықтап жатыр деді. Бірақ қатты масайған кезде осылай ұйықта ма дегенді сұрады. Сосын мен одан оның қанша ішкенін, не ішкенін сұрай бастадым. Ол "таңға дейін" деп жауап берді. Мен оған нарколог емеспін, бірақ масайған кезде ол да қауіпті, "жедел жәрдем шақырыңдар" деп ұсындым, - деді куәгер.

Байжанов Сәрсенбаевқа "қорылдап ұйықтап жатыр" деген. Онымен қоса, сотта Байжанов нашатыр спиртін алуға Ерсұлтан Сәрсенбаев кеңес бермегенін айтты. Ал, Қуандық Бишімбаев нашатыр спирті туралы Байжановтың ауызнан естідім деді. 

Дәрігер Байжановтың хабарласқанынан Нүкенованың жағдайы туралы білмеген. Есінде қалғаны Байжановтың "таңға дейін ішімдік ішкен" деген сөзі ғана.

Бұған дейін куәгер Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтып берген еді.

Өзгелердің жаңалығы