Жедел штаб Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады

25 Сәуір 2024, 09:35
476
Бөлісу:
Жедел штаб Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады
Фото: скрин

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 25 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес өткен тәулікте 2024 жылғы 25 сәуір сағат 8-дегі жағдай

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 604 см., деңгейдің +7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 381 см.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 721 см., тәулігіне + 6 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 404 см.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 425 см., тәулігіне +3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 234 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

25 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы