Жедел штаб: Исатай ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 100% аяқталды

Бөгеттердің орташа биіктігі - 2 метр

 Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2 Мамыр 2024 2024, 11:07
2 Мамыр 2024 2024, 11:07
628
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Ұзындығы 78 шақырым болатын қорғаныс бөгеттерін салу жұмысы толық көлемде аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

Орындау 100% құрайды. Бөгеттердің орташа биіктігі - 2 метр. Ауданның төрт ауылдық округінен еріктілердің көмегімен 309 730 дана құм салынған қапшық дайындалды. Жағалауды нығайту жұмыстарына 240 адам және 45 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Наверх