Индер ауданының тұрақтандыру қорында 16 тонна азық түлік бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Бүгінде ауданда азық-түлік тауарларын сататын 126 орын жұмыс істейді.
"Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен шарт бойынша "Лидер" сауда желісінің нүктелері арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 17 түрі сатылады.
"Атырау" ӘКК " АҚ арқылы облыстық тұрақтандыру қорынан "Лидер" сауда желісіне және "Дәулет нан"ЖШС-на мемлекеттік субсидиялар бөлініп отыр.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 2024 жылға кәсіпкерлік субъектілерімен 8 меморандум жасалды. Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Индербор кентінде 30 тоннаға арналған көкөніс қоймасы жұмыс істейді. Тұрақтандыру қорында 21 атау бойынша 16 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімнің қоры жасалған, - делінген штаб таратқан ақпаратта.