Жедел штаб: Екібастұзда желілерді қалпына келтіру үшін 300-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр

3 Желтоқсан 2022, 16:58
1327
Бөлісу:
Жедел штаб: Екібастұзда желілерді қалпына келтіру үшін 300-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр

Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 298 адам мен 53 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаладағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жедел штабтың 3 желтоқсан сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, Екібастұз ЖЭО-да 6 қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр, тағы 4-еуі резервте екені белгілі болды. 

 Қазіргі таңда:
1) Сәтпаев көшесі 8/3 мекенжайында – кәріз жүйесін жылыту;
2) Мәшһүр Жүсіп көшесі 46 мекенжайында – жылу жүйесінен су ағызу;
3) Мәшһүр Жүсіп көшесі 42 мекенжайында – жертөлені жылыту;
4) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – пәтерлерді тексеріп шығу;
5) Сәтпаев көшесі 8 мекенжайында – полиция бекетін жылыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

27 қарашадан бастап жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 48 көппәтерлі және 28 жеке үйде жылумен жабдықтау қалпына келтірілді. 28 тұрғын үй және 72 жеке үй, 3 білім беру нысаны және 1 әкімшілік ғимарат жылумен жабдықталмаған.

Екібастұздың жылыту пунктілеріне барлығы 213 адам орналастырылды. 

Өзгелердің жаңалығы