Жеңіс Қасымбек тыңдармандардың сауалына жауап берді

22 Желтоқсан 2019, 13:08
3777
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек тыңдармандардың сауалына жауап берді
Серіктестік материал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатынан кейін Қарағанда облысының әкімі Жеңіс Қасымбек  Қазақ радиосының тікелей эфирінде сұхбат берді. 

Облыс әкімі бұл радиода берген алғаш сұхбаты екенін де атап өтті. 

Өңір басшысы аймақтың табыс көзінің 52%-ын тау-кен өндірісі мен металлургия саласы құрайтынын айтты. Сондықтан да индустриялық бағдарламаның кезекті кезеңінде бұл сала жаңа қарқын алмақ. 

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек келесі жылы өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымда білім беретін мектептердің проблемасы толық шешілетінін айтты. Өңірдің жыл басынан бергі жетістігін қорытындылай келе әкім "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасының 1-бесжылдығы аясында 4 мың шақырым жергілікті жолдар жөнделгенін айтты. 

Ал көптен бері айтылып жүрген Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда бағытындағы тасжолдың құрылысы келесі жылы басталмақ. 

Сұхбат барысында Қарағанды облысының әкімі сондай-ақ, ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосына лебізін білдірді.



Өзгелердің жаңалығы