Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмысқа кірісті. Өңір басшысы облыс орталығының мәселелері шешімін күтіп отырған барлық орындарға барып қайтты. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімі балалар ауруханасын салуды талап етті. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш нысанның құрылысы мердігермен сот дауы туындауына байланысты ұзаққа созылып кеткен болатын. Жеңіс Қасымбекке сот қарауы аяқталғанын және жақын арада жаңа мердігерді таңдауға байқау жариялайтыны туралы айтылды. Облыс әкімі қарағандылықтарға жаңа аурухана келесі жылы қолданысқа берілуі үшін бөлінген қаражатты жеткізуді тапсырды.
Жеңіс Қасымбек қаладағы қоқыс жинау жағдайын да назардан тыс қалдырмады. Оны қалада қанша полигон бары және қарағандылықтардан неліктен көптеген шағым келіп түсетіні қызықтырды. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің пікірінше, қызмет түріне белгіленген тарифтің төмендігі және соның салдарынан техниканың жетіспеушілігі осындай мәселенің туындауына себеп болып отыр.
"Жағдайды түсіну керек. Бұл мәселе бойынша жеке кездесу өткіземіз. Үнемдеу мүмкіндіктері бар жерде талдау қажет. Қызмет көрсетушілер техниканы жаңартып, өз жұмысшыларына қалыпты жалақы төлеуі тиіс. Егер ертең қоқыс жинайтын адам болмаса, үлкен шиеленіс пайда болады", - деді Жеңіс Қасымбек.
Облыс әкіміне қаланы дамытудың бас жоспары ұсынылды. Оны барлық аспектілер қызықтырды: тұрғын үй құрылысының әлеуетінен бастап газдандыру, жылумен қамтамасыз ету және басқа да коммуналдық қызметтерді сапалы қамтамасыз ету мәселелерін шешуге дейін.
"Қалада тұрғын үйдің қанша пайызында орталық су құбыры жоқ? Тазарту құрылыстары кешені бойынша жағдай қандай?",- деп сұрады Жеңіс Қасымбек.
Облыс орталығындағы үйлердің бір бөлігі орталық сумен қамтылмағаны, ал тазарту құрылыс кешендері тек жобалануда деген жауап өңір басшысын қанағаттандырмады.
"Кәріздік қалдықтар сүзгілеу алаңдарына шығарылады. 21 ғасырда бұл күрделі мәселе. Желтоқсан айында үкімет 53 тазарту құрылыс кешендеріне несиелік келісімге қол қояды. Жұмыстарды жылдамдату керек, себебі бірінші транш келесі жылдың ақпан-сәуір айларында өтеді. Егер үлгермей қалсаңыздар, мүмкіндікті пайдаланып қалмасақ, мәселе 2021 жылға дейін созылып кетеді", - деді аймақ басшысы.
Бұдан басқа, оған үшінші жылу құбырының құрылысы туралы баяндалды. Аталмыш мәселе тез арада шешуді талап етеді, себебі қуаттардың жетіспеушілігі тұрғын үй құрылысын тежейді.
Сондай-ақ, аймақ басшысына Оңтүстік-батыс және Солтүстік-шығыс аудандарының тұрғын үй құрылысы туралы айтып, егжей-тегжейлі жоспарлау үзінділерін көрсетті. Болашақта бұл Оңтүстік-шығысты Майқұдықпен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Жеңіс Қасымбек назар аударуды талап еткен тағы бір басты мәселе – Қарағанды айналасындағы айналма жолдарды салу және қайта жаңарту екенін атап өтті. Ол ірі жобалар бойынша барлық мердігерлердің есептерін тыңдап, жұмыс кестелерінен қалыс қалмауды тапсырды.
Облыс әкімі сондай-ақ жергілікті тауар өндірушілердің қызметімен танысты. Ол «Ақнар» фабрикасына және «Жакко» ЖШС полипропилен және полиэтилен құбырлар мен фитингтер шығаратын зауытқа барды.