Жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсауы кесілді

18 Қыркүйек 2023, 17:15
1142
Бөлісу:
Жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсауы кесілді
PHOTO
Фото: автордан

Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-публицист, “Меценат.кз” әдеби байқауының тұңғыш лауреаты Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Күлпат” атауымен жарыққа шыққан жаңа кітап автордың роман жанры бойынша алғашқы кітабы. Публицистика жанрында қалам тербейтін жазушы бұл шығарманы жазуға бір жыл уақыт жұмсағанын айтады.

Жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсауы кесілді

Менің бұл романым көркем әдебиеттегі дебюттік шығармам. Өзім өмірбойы публицистикамен айналыстым. Сол жанрда 9 кітап жазып жарыққа шығардым. Жасымыз ұлғайғаннан кейін, өмірден көрген-түйгеніміз бар, соның барлығын кесек көркем шығарма арқылы жазғанды жөн көрдім. Оның үстіне пандемия кезінде істейтін жұмыс болмады. Үйде бос отырғанды қаламайтын адам едім. Сол кезде осы романды жаздым. Шығарманы 6 айда жазып аяқтадым. Ал 4 ай иін қандырдым. Жалпы бір жыл көлемінде бітті. Романды қазақ қоғамы дұрыс қабылдап жатыр деп ойлаймын. Себебі роман қазіргі оқырманның талғамына сәйкес қысқа халықаралық форматта жазылған деп айтуға болады,-дейді автор.

Автор кітаптың атауын неліктен «Күлпет” деп қойғанын айтып өтті.

Жазушы-публицист Шархан Қазығұлдың жаңа кітабының тұсауы кесілді

Роман жанрына кіріскен кезде барлық параметрлерді ойлайсың. Оның атауының өзі бір интрига туғызып тұруы керек. Оқырманға жұмбақ болып көрінгені тиіс деп ойлаймын. Сондықтан осы романға өзгеше ат ойлап тапқым келді. Өзім қазақ тілінің түсіндірме сөздігімен көп жұмыс істеймін. Бір күні осы романды жазу барысында тынығып сөздікті қарап отырсам “Күлпет” деген сөз тұр. Күлпет деген сөздің мағынасы “жан азабы” деген мағынаны білдіреді. Көне түріктердің сөз. Мысалы романның атын “жан азабы” деп қойсам қызық емес. Сондықтан интрига болсын деп “Күлпет” деп атадым,- дейді Шархан Қазығұл.

Өзгелердің жаңалығы