«Жазғы волонтерлер мектебі – 2024» бастау алды

20 Тамыз 2024, 18:10
436
Бөлісу:
«Жазғы волонтерлер мектебі  – 2024» бастау алды
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бүгін Ақмола облысы Зеренді ауданында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің ұйымдастыруымен «Жазғы волонтерлер мектебі – 2024» бастау алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектептің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова қатысты.

Шараның мақсаты – волонтерлік қозғалысқа қатысушылардың бейіні мен жеке әлеуетін дамыту, сондай-ақ Қазақстанның барлық аймақтарынан келген волонтерлер қоғамдастығының өкілдерінің өзара әрекеттесуінің бірыңғай өрісін қалыптастыру.

Жазғы мектепке қатысуға кемінде бір жыл тікелей волонтерлік қызмет атқарған волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың, волонтерлердің аймақтық фронт-кеңселерінің үйлестірушілері шақырылды. Жалпы алғанда оған 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан волонтерлер қатысуда.

Іс-шарада волонтерлік негіздері, жобаларды жоспарлау, волонтерлік командаларды құру, өзара әрекеттестік желісі мен көшбасшылық, сондай-ақ, бюджеттеу және жобаларды ақпараттық қолдау тақырыптары бойынша тренингтер өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы