Жазғы Универсиадада ел қоржынына тағы екі медаль түсті

Жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 31 Шілде 2023 2023, 12:48
31 Шілде 2023 2023, 12:48
983

Жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы нысана көздеуден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XXXI жазғы Универсиадада нысана көздеуден Қазақстан құрамасы үшінші орын иеленіп, қола медаль жеңіп алды. 

Сондай-ақ кеше 73 келіде сынға түскен спортшымыз Асқар Нарқұлов қырғыз дзюдошысын жеңіп, Универсиада ойындарының қола жүлдесін иеленді. Ел құрамасының қоржынында екі күміс, үш қола жүлде бар.

Наверх