Жазғы Универсиада: ел қоржынына алғашқы жүлделер түсті

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 19 Шілде 2025 2025, 22:25
19 Шілде 2025 2025, 22:25
758
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан XXXII Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көркем гимнастика мен таеквандо спорт түрлерінен ел намысын қорғаған Айбота Ертайқызы мен Дамир Шуленов қола медаль иегері атанды.

Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, үздік үштікке енді. Ал Дамир Шуленов таеквандо жарысында үшінші орын үшін болған тартыста жеңіске жетіп, ел қоржынына екінші қола медальді салды.

Айта кетейік, биылғы Жазғы Универсиада 16 шілдеде басталып, 27 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстан атынан 12 спорт түрінен 76 спортшы бақ сынауда.

Наверх