Бұл туралы Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбеде өткен VI Жазғы Паралимпиада ойындарына еліміздің түкпір-түкпірінен тірек-қимыл аппараты және көру органдары зақымданған 200-ге жуық спортшы қатысты.
Lada.kz-тің хабарлауынша, 33 жастағы паратеннисші Мейірбек Өтепов сәтті өнер көрсетті.
Ол финалда Қазақстанның 21 дүркін чемпионы атанған павлодарлық Владимир Капличпен кездесті.
Мейірбек Өтепов атап өткендей, қарсыласын 3:1 есебімен жеңу оған оңайға соқпаған.