Жазда күнге күйсең, ауырмайсың деген миф - маман

4 Тамыз 2023, 17:59
837
Бөлісу:
Жазда күнге күйсең, ауырмайсың деген миф - маман
Фото: Pixabay

Күннің астында көп жүру ерте қартаюға, терінің қатерлі ісігіне әкеледі. Нутрициолог Индира Сейілбекова әлеуметтік желіде осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, күн тек серотонин гормонын беріп, яғни жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймайды, керісінше зиянын да тигізеді. Сол үшін күн көзінен белгілі бір мөлшерде қорғану керек.

Күнге таңғы сағат 6-8 аралығында шығу керек. Осы уақытта адам денесіне пайдалы қуатты дарытады. Күн ұзарған сайын күндегі радиацияның көлемі артады. Ол адамға кері әсер етеді. Сол үшін түскі уақытта сыртқа шығатын болсаңыз жеңі ұзын киім киюді ұмытпаңыз. Басыңызды да күн өтіп кетпес үшін қалпақ, панама киген жөн, - деді Индира Сейілбекова.

Маман Spf-кремді күнделікті қолдануға болмайтынын ескертеді. Түсіндіруінше, SPF -кремдер қаншалықты сапалы болса да құрамында химикаттық қоспа бар.

Терінің өткізгіштік қасиетіне байланысты өзіне жағылған барлық затты бойына сіңіретінін естен шығармаңыз. Мұның бәрі ішімізге – қан айналым жүйесіне түседі. Қан айналым жүйесіне химикаттың тым көп түсуі гормоналды фонға әсер етеді. Сол үшін оны жиі пайдалануға болмайды. Ыстық күндері метоболизмнің баяулайтынын да ескеруіміз керек. Сондықтан жазда адамдар коллагенге, жеңіл, сіңімді аминқышқылдары мол өнімдерді жиі тұтынады, - деді нутрициолог.

Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы