Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ауданындағы 50 жылдық тарихы бар Ғани Мұратбаевтың мемориалдық мұражайына экскурсия жасады, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД.
Тағылымы мол танымды шараны аудандық пробация қызметі ұйымдастырды. Мұражай қызметкері пробация есебіндегі азаматтарға Ғани Мұратбаевтың туған жерінің тарихын, оның балалық шағы мен қызмет еткен уақыты туралы, Ғанидің замандастары мен ізбассарларына арналған 7 залды аралап, мол мағлұмат берді. Одан соң, мұражайдың соңғы залы Тәуелсіздік залындағы «Әлем таныған Елбасы» фотокөрмесін тамашалап, Желтоқсанның құрбандары, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері және Астана туралы фотосуреттер мен мәліметтермен танысты.
Мұражайды аралап, бабалар тарихының тереңіне үңіліп, рухани азық алдық. Сонымен қоса, Тәуелсіздік залынан Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбегі туралы мол мағұлматтармен таныстық. Пробация қызметі мен мұражай қызметкерлеріне алғысым шексіз, - деді есептегі азамат.