Жайықтың суы тағы көтеріле ме

29 Сәуір 2024, 09:29
324
Бөлісу:
Жайықтың суы тағы көтеріле ме
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 29 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 29 сәуір сағат 8-дегі жағдай

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 668 см., деңгейдің +23 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 445 см.

Жайық өзені - Махамбет кенті 754 см деңгейінде, тәулігіне + 11 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 437 см.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 442 см., тәулігіне +8 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 251 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

29 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3/с.

Өзгелердің жаңалығы