Жайықтағы су деңгейі әлі де қауіпті – ТЖМ

26 Сәуір 2024, 13:09
431
Бөлісу:
Жайықтағы су деңгейі әлі де қауіпті – ТЖМ
Фото: ТЖМ

Су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы тәулік ішінде 9 адам эвакуацияланды. Жалпы, су тасқыны кезеңінде 13 989 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5782-і бала. Қазіргі таңда облыс бойынша 12 эвакопункте 2447 адам орналасқан.

Қазір Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді. Өткен тәулікте 4 см түсті. Қазіргі су деңгейі - 8 м 55 см. Ал қауіпті деңгей 8 м 50 см. Яғни, 5 см өзінің қауіпті деңгейінен артып отыр. Сол себепті облыс ішіндегі төрт аудан мен қалада халықты эвакуациялау, құлақтандыру және дамбылар салу және бекіту бойынша жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша жағдай тұрақты, 27-28 күндері су қауіпті деңгейінен төмендейді деген болжам бар, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы