Жайықтағы қайықтар апаты: 6 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

4 Шілде 2023, 19:21
954
Бөлісу:
Жайықтағы қайықтар апаты: 6 жасар бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: polisia.kz

Атыраудағы Жайық өзенінде екі қайық соғылып, тұрғындар жарақат алды. Бір бүлдіршін қазір жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер науқастың жағдайына «аса ауыр» деген баға берді, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқыс жағдай 3 шілде күні, кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Бірі үлкен, екіншісі кіші екі маторлы қайық ішінде бас аяғы 35 адам болған. Жарақат алған 7 тұрғын ауруханаға жеткізілді.

Облыстық ауруханаға жеткізілген ересек азаматтардың екеуі жағдайларының қанағаттанарлық болуына байланысты әртүрлі тіндердің зақымдануына байланысты амбулаторлық емде, яғни үй жағдайына жіберілді.Ал бір науқас стационарға жатқызылып, күні бүгінде стационардағы лор бөлімінде ем қабылдап жатыр. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала жеткізілген.Оның біреуі үйіне қайтарылды жағдайы қанағаттанарлық болуына байланысты. Қалған үшеуі қазір облыстық балалр ауруханасында ем алуда. Екеуі жарақат бөлімінде ем алуда. Бір науқас 2017 жылғы бала қазіргі жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Әртүрлі жарақаттар алған.Ауыр бала бас ми жарақатын алған. Ашық бас ми жарақаты алынған, ол балада кома. Таңғы сағат 5 те операция жасалды. Дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы әлі өте ауыр, - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова.

Су көліктерінің соқтығысқанын Жайық жағасында сейіл құрып жүргендер куә болған. Бірақ оқыс жағдайға кім кінәлі екені белгісіз. Құзырлы органдар тергеуді бастаған.

Қазір Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 344 бабы, 1 бөлігіне сәйкес, яғни теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі мен оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетейік, соғылған қайықтар тұрғындардың демалысына, оларды серуендетуге арналған. Қоғам тыныштығына жауапты құзырлы орган өкілдері су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейту үшін арнайы рейдтер ұйымдастырмақ. Бірақ мұндай шаралар төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің тарапынан жиі өткізіліп тұратын

Өзгелердің жаңалығы