Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыста 2024 жылы «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған.
«Жайық жастары» бағдарламасы жеңілдетілген несие арқылы облыс жастарына баспана алу мүмкіндігін ұсынып, 600 миллион теңге көлемінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Мен Жайық жастарымен жиі-жиі кездесемін. Соңғы кездескенде олар менен осы бағдарлама жалғаса ма деп сұрады. Келесі жылы бағдарлама жалғасады. Қаржының көлемін ұлғайтамыз. Бұл өте жақсы бағдарлама,-деді облыс әкімі.
Бағдарлама нәтижесінде биыл 40 жас отбасы жаңа пәтерлерге ие болған.