Жайық өзенінің қазіргі деңгейі қандай?

14 Мамыр 2024, 10:31
277
Бөлісу:
Жайық өзенінің қазіргі деңгейі қандай?
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы соңғы мәліметті айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі Индербор және Махамбет аудандарындағы су бекеттерінде қауіпті белгіден асып түскен.

Өңірде бөгеттерді күшейту жұмыстары жалғасады. Осы өңірде барлығы 500 шақырымнан астам бөгет салынған болатын. Еліміздің өңірінде жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі сақталып отыр. Ақтөбе облысында 2 елді мекен әлі де көлік қатынасынсыз. Олар азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Үш өңірде 10 күйдіргі көмілген жерді су басқан болатын. Қазір тиісті қызметтер жергілікті жерлерде жедел дизенфекциялық іс-шаралар жүргізіп жатыр, -  деді вице-премьер.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 7 мыңнан астам адам және 1 900 бірлік техника, оның ішінде 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқаркшы органдар күштерімен құралдары тартылды. Жеке ұйымдар мен еріктелер қатысып жатыр, - деді ол.

Бозымбаевтың дерегінше, су басу аймақтарынан 119 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның 44 мыңы - балалар. Бүгінгі таңда 55 600 адам үйлеріне оралды. Эвакопункттерде шамамен 5 мың адам қалды, туыстарында 58 мыңнан астам адам орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы