Жайық өзенінің деңгейін панорамалық форматта бақылауға болады

4 Мамыр 2024, 15:27
1978
Бөлісу:
Жайық өзенінің деңгейін панорамалық форматта бақылауға болады
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Енді тұрғындар Жайық өзенінің деңгейін панорамалық форматта бақылайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Жайық өзенінің күндегі жағдайын 360 градуста бақылауға мүмкіндік беретін «Атырау 360» жобасы іске қосылды. Бұл жобаны жергілікті еріктілер облыстық жедел штабтың ақпараттық қолдауымен жүзеге асыруда.

Аталған сайтқа күн сайын Жайық өзені бойындағы учаскелердің фотосуреттері салынады. Қазіргі уақытта сайтта Бесікті, ДСК, Авангард және Перетаска аудандарының панорамалық суреттері бар.

Фотосуреттерді atyrau360.kz ресми сайты арқылы 360 градус форматта көруге болады.

Өзгелердің жаңалығы