Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге өсті

16 Сәуір 2024, 10:27
1630
Бөлісу:
Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге өсті
VIDEO
Фото: скрин

Махамбет ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 сантиметрге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізіліп жатыр.

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев айтып өткендей, бүгінгі таңда жағалауды нығайту жұмыстары 80 шақырымда жүргізілуде, оған 217 арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.

Бүгінде халық пен малды эвакуациялау пункттерінің мекенжайлары анықталды. Жақын арада гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің орны белгіленеді, - деді Қайрат Нұрлыбаев.

Өзгелердің жаңалығы