Қауіпті инфекцияларды анықтау мақсатында Жайық өзенінен сынама алынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сәуір айы басталғалы бері Жайық өзенінен 30 сынама алынған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Қаламқас Аманжулованың айтуынша, сәуір айынан бері Жайық өзенінен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық сынамалар алынып басталған.
Тасқын жағдайына байланысты, Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынып отырады. Бұған дейінгі сынамалардан лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер сәйкесссіздік анықталды. Бірақ, ол жағдайлардың адам денсаулығына зияны жоқ, - деді спикер.