Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі 16 сәуірде сағат 8:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысының Жайық өзені бойынша, өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей төмендегідей өзгерді:
Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 538 см., су деңгейі +10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 315 см.
Жайық өзені – Махамбет кентіндегі су деңгейі 664 см., су деңгейі + 10 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 347 см.
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 387 см., су деңгейінің көтерілуі +14 см., су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 196 см.
⁃ Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
16 сәуірде Иректі су қоймасынан судың келуі 510 м3 / с құрайды, су жіберілуі 447 м3 / с
Видео: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы