Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің 7 мамыр сағат 20.00-ге өзгеруі (8.00-мен салыстырғанда) төмендегідей:
- Индербор ауылы + 17 см, су деңгейі - 939 см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет ауылы + 8 см, су деңгейі - 886 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қаласы + 5 см, су деңгейі - 510 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы + 2 см, су деңгейі-365 см, шекті деңгейі - 500 см;
- Еркінқала ауылы + 2 см, су деңгейі - 325 см, шекті деңгейі - 450 см.
Сондай-ақ облыстық жедел штаб Атырауда Жайық жағасына тәулік бойына кезекшілік қойылғанын айтты.
Атырау қаласында су деңгейінің күннен күнге көтерілуіне байланысты Жайық тұсындағы елді мекендердің жағалауына кезекшілік қойылды. 4-мамырдан бастап, жағада тәулік бойына кезекшілік қойылды. Кезекшілердің міндеті су деңгейін бақылап, хабардар ету және бөгеттің жағдайын да назардан тыс қалдырмау керек. Кезекші құрамға керекті арнайы техника, етік, фонарик берілді, - деді 26 -30 учаскелер координаторы Әбіл Тауфихұлы.
26,27,28,29,30 участокте кезекшіліктің бір құрамы 08:00-20:00 сағат аралығында, екінші құрамы түнгі ауысымға, яғни, 20:00-08:00 аралығында арнайы жасақталған кесте бойынша тұрады.