Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріледі

15 Сәуір 2024, 09:47
374
Бөлісу:
Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріледі
Фото: скрин

Росгидромет болжамына сәйкес Атырау облысында Жайық өзеніндегі су қауіпті деңгейге көтеріледі деп күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау қаласында күтілетін ең жоғары деңгей 540-600 см құрайды (қауіпті 550 см).

Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, ТЖМ вице-министрі Серік Төленбергенов, Атырау облысы ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаевпен бірге Жайық өзенінің каспиге құятын жеріне жүргізіліп жатырған тереңдету жұмыстарын, қала аумағындағы және
Береке, Алмалы, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай елді мекендеріндегі жаға бекіту жұмыстарын қарады. Жұмысшылармен кездесіп, проблемалық мәселелер талқыланды.

Су тасқыны кезеңінде Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырамыз.
Арнайы сөмкеге жылы киім, медициналық құрал-жабдықтар, құнды заттар, тағам және таза су салып дайындап қою керек.
Өміріңізді қауіп-қатерге тікпей, тиісті органдардың хабарламаларына құлақ асуларыңызды сұраймыз, - делінген Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы