Жайық өзенінде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары 98%-ға аяқталды

29 Сәуір 2024, 12:31
723
Бөлісу:
Жайық өзенінде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары 98%-ға аяқталды
Фото: скриншот

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құлсары қаласында 2,6 млн текше метрден астам су сорылған. 

Қазір Жылыой ауданының Құлсары қаласында 2,6 млн текше метрден астам су сорылды. Соңғы 10 күнде 460 тұрғын үйде, 10 көпқабатты тұрғын үйде, 38 әкімшілік ғимаратта және кәсіпкерлік нысандарында дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді. Осы тәулікте 90 үйде электрмен жабдықтау, сондай-ақ 20 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді. Залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия 2643 өтініш қабылдап, 595 үйге техникалық бағалау жүргізді. Нысандарды техникалық тексеру жұмыстары жалғасуда, - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте. 

Оның айтуынша, Атырау облысының аумағында Жайық өзенінде су тасқынына қарсы алдын алу шаралары 98%-ға аяқталды. Жағалауды нығайту үшін жоспарланған 520 км бөгеттің 506 км салынды, бұл жұмыстарға 14 мыңға жуық адам, 1300 бірлік техника жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы