Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы облыстағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жайық өзеніндегі су деңгейінің 21 мамыр сағат 00:00-дегі өзгеруі:
- Индербор ауылы - 3см, су деңгейі - 1013см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет ауылы + 3 см, су деңгейі - 1018 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қаласы + 3см, су деңгейі - 576 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы + 2см, су деңгейі - 418см, шекті деңгейі - 500 см;
- Еркінқала ауылы + 2см су деңгейі - 376 см, шекті деңгейі - 450 см.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда құтқарушылар тұрғындарды тәулік бойы қайықпен тасымалдап жатқаны туралы жазған болатынбыз.