Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келіп жатыр

10 Мамыр 2024, 10:13
455
Бөлісу:
Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келіп жатыр
VIDEO
Фото: скрин

Тасқыннан қорғану мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы уақытша жырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Махамбет ауданы ТЖ жөніндегі штабтың шешімімен су деңгейін азайту мақсатында Махамбет ауылы мен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы жырылып, қатынас уақытша тоқтатылды.

Жайық өзені жағы бетінен өр суы мол келуде. Су деңгейін азайту мақсатында арнайы техникалардың көмегімен ауыл аралық жол бұзылып, ұзындығы 11 метр, ені 1,5 метрлік 2 дана құбыр тұрбасын салу жұмыстары жүргізілді. Осыған байланысты, жол қатынасы уақытша тоқтатылып, ауыл тұрғындарына жағдай толықтай түсіндірілді, - деп нақтылады Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауылдық округі мен Сарытоғай ауылын жалғап жатырған жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырым.

Махамбет, Сарытоғай ауылдарында 12 924 адам тұрады.

Өзгелердің жаңалығы