Жайық бойында 15 су арнасы бар

9 Сәуір 2024, 22:01
669
Бөлісу:
Жайық бойында 15 су арнасы бар
Фото: видеодан кадр

Орал қаласынан Каспий теңізіне дейінгі Жайық өзенінің жалпы ұзындығы шамамен 775 шақырымдай болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Атырау облысының аумағындағы өзеннің ұзындығы шамамен 270 шақырымдай болады. Ал, Орал қаласынан Индер ауданының шекарасына дейін – 505 километр.

"ҚазСуШар" РМК мәліметіне қарағанда, облыс аумағында бастауын Жайық өзенінен алатын 15 магистральды су арнасы жұмыс істеп тұр. Одан бөлек Атырау қаласына қарасты аумақта Зарослый және Бухарка табиғи өзектеріне жыл сайын шаруашылық мақсатында су шығарылады.

Жайық өзенінің бойында Атырау облысының аумағында 26 елді мекен орналасқан. Атырау қаласынан бөлек оның 7-еуі Индер, 18-і Махамбет ауданына бағынышты.

2024 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес халық санына шаққанда Индер ауданында 35126 адам, Махамбет ауданында 30878, Атырау қаласында 411417 адам тұрады.

Өзгелердің жаңалығы