Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біреудің мүлкін ұрлады және бұзақылық жасады деген күдікпен 22-33 жас аралығындағы Жәйрем ауылының 7 тұрғыны ұсталды.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған азаматтар заңсыз әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
Айта кетейік, 12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинаты жұмысшыларының қатысуымен жанжал болды. Бірнеше шетелдік жұмысшы жеңіл жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Кейіннен полиция департаментінде төбелес тұрмыстық себептермен болғанын айтты.
Сондай-ақ, Жәйрем кентіндегі оқиғаны реттеу үшін Ерлан Қошанов барды. Артынша Қарағанды облысының полиция департаменті Жәйрем кентінде тау-кен байыту комбинатынының жұмысшылары арасында болған келіспеушіліктерге байланысты түсініктеме беріп, қазіргі уақытта кенттегі жағдай тұрақты екенін айтқан болатын.
Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.