"Жайлы мектеп": Ақтөбеде оқу жылы қарсаңында 18 мектептің біреуі ғана ашылады

30 Шілде 2024, 17:07
671
Бөлісу:
"Жайлы мектеп": Ақтөбеде оқу жылы қарсаңында 18 мектептің біреуі ғана ашылады
Фото: автордан

Биыл жаңа оқу жылында Ақтөбе қаласында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынып жатқан 18 мектептің біреуі ғана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың айтуынша, жуырда ашылатын 300 орындық мектеп Ақжар-2 ауылында орналасқан.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша облыста салынатын 18 мектепке жұмсалатын қаржы – 90,8 млрд. теңге. Былтыр өңірімізде 11 400 оқушы орындық 14 мектептің құрылысы басталса, биыл 3500 орынға арналған 4 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде. Облыс әкімдігі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен автожолдарды, жаяу жүргіншілер жолдарын, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, — деді ол.

Ал Ақтөбе облысы бойынша аталған жобаның өңірлік жетекшісі Дәулет Әлиевтің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептерді жобалау мен салу «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-на жүктелген.

2023-2025 жылдары облыста 18 жайлы мектеп салынып, қолданысқа беріледі. Бұл бір ауысымда 14,9 мың жаңа оқушы орнын (екі ауысымда 29,8 мың орын) ашуға мүмкіндік береді. Қазір 14 мектептің басым бөлігінде қаңқасын тұрғызу бойынша жұмыстар аяқталуда. Сондай-ақ ішкі әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары қолға алынған. Мердігер ұйымдар мектеп аумағын абаттандыруды да қолға алып жатыр, — деді Әлиев.

Биыл жыл соңына дейін Есет батыр, Есет батыр-3, Батыс-2, Саяжай-1, Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды тұрғын алаптарында, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында және Мәртөк ауданының Сарыжар, Шалқар ауданының Бозой, Темір ауданының Шұбарқұдық, Кеңқияқ ауылдарында жаңа мектептер ашылады. Ал қалғаны келер жылы пайдалануға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы