Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе

3 Маусым 2022, 21:45
3022
Бөлісу:
Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда экстремалды психологияның негізгі мәселелері талқыланған ғылыми-практикалық конференция өтті. Әскери психологтар жауынгерлердің психологиялық дайындығының өзекті мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында «Қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қатерлерін ескере отырып, төтенше жағдайларда әрекет етуге кіші офицерлердің психологиялық дайындығын ұйымдастыру бойынша жұмысты жетілдіру» тақырыбында конференция өтті.

Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе

Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық ұланның әскери психологтары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық мамандары әскери қызметшілердің психологиялық дайындығының мәні мен мазмұнын, сондай-ақ Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды өткізу тәжірибесін талқылады.

Психологтар жұмысының негізгі мазмұны әскери қызметшілердің күнделікті қызметінің, оқуы мен тәрбиесінің барлық элементтерінде психологиялық даярлықты ұйымдастыру болуы керек. Бірақ ең маңызды аспект олардың жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекеттерін психологиялық қамтамасыз ету болып табылады – деп атап өтті Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев.

Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе

Психологтар форумы тәжірибе алмасу, сондай-ақ әскери қызметшілердің кез келген жағдайда жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге психологиялық дайындығын қалыптастыру, қазіргі заманғы жауынгерлік іс-қимылдардың психо-травматикалық факторларына орнықтылық бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеу алаңына айналып отыр.

Жауынгерлердің психологиялық дайындығы өзекті мәселе

Конференцияға қатысушылар үйлестіру кеңесін құру қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Оның міндеттеріне соғыстар мен қарулы қақтығыстарды жүргізу тәжірибесін талдау және сыни тұрғыдан қайта қарау, әскери қызметшілердің оқу процесі барысын айқындайтын нұсқаулықтарға, жауынгерлік даярлық бағдарламаларына уақытылы түзетулер енгізу кіреді.

Өзгелердің жаңалығы