Жауын-шашын, су басу қаупі: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Кеше, 22:51
234
Бөлісу:
Жауын-шашын, су басу қаупі: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

20 наурызда еліміздің 14 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 20 мен 25 наурыз аралығында Атырау облысының Қызылқоға және Жылыой ауданындағы Ойыл мен Жем өзендерінде су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі, соған байланысты елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында ауа температурасы күндіз күрт жылынып, облыстың өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаевта да оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні -15 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, күндіз жаңбыр жауады деп күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады деп болжанады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда тұман болады деп күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы